Қоғам

Ақмола облысында заңсыз берілген пәтерлер мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Мемлекет қорына қайтарылған пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы жиырма пәтерді мемлекетке қайтарды. Тексеру бұл баспаналар заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Көкшетау қаласында бюджеттік мекеме қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тарапқа жалға бергені анықталды. Көкшетау прокуратурасының бақылау актісі бойынша ол адамдар пәтерді босатты және баспана көпбалалы отбасыға берілді", - деп хабарлады облыстық прокуратурада.

Ақмола облысының Астрахань ауданында 2017 жылы бюджеттік мекеме қызметкеріне мемлекеттен пәтер берілген. Алайда 2020 жылы ол адам мұра бойынша басқа баспанаға ие болған. Ол жылжымайтын мүлікті өз атына тіркеген.

"Бүгінгі күні мемлекет ұсынған баспана 11 жыл бойы кезекте тұрған жетімге берілді", - деді прокуратурада.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке барлығы 20 пәтер қайтарылды. Жақын уақытта ол баспаналар ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөлінеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады.

Жаңалықтар
0