Өңірлер

Қызылорда облысында "Тоқаев мектебі" ашылды

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиСексеуіл ауылында мектеп ашылды
Сексеуіл ауылында мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Жаңадан ашылған мектепке бүгін 400-ден астам бала барды

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл ауылында жаңа мектеп ашылды. Оның құрылысы қалың көпшіліктің назарында болды.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиСексеуіл ауылындағы "Тоқаев мектебінде" жас қолөнершілер білім алады
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Сексеуіл ауылындағы "Тоқаев мектебінде" жас қолөнершілер білім алады

Бұл елді мекенде мектептің құрылысы 2019 жылдың қыркүйегінде Egemen Qazaqstan газетіндегі "Темір жолды жағалап топ бала жүр" мақаласынан кейін басталды. Ол жерде Сексеуіл ауылында тұратын 360 баланың тоғыз ай бойы мектепке 13 теміржол арқылы өтіп баратыны айтылды.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиАрдагер оқу жылының басталуымен мектеп оқушыларын құттықтауға келді
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Ардагер оқу жылының басталуымен мектеп оқушыларын құттықтауға келді

Ауылда жүздеген отбасы тұрады, алайда бір де бір мектеп жоқ. Барлық бала теміржол желісінен өтіп Сексеуілдің негізгі бөлігіне барып оқиды.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиСексеуіл ауылындағы жаңа мектептің спорт залы
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Сексеуіл ауылындағы жаңа мектептің спорт залы

Балалардың қандай жағдайда білім алып жатқанын оқыған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде мақалаға қатысты пікір білдірді.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиСексеуілдегі мектеп
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Сексеуілдегі мектеп

"Бұл өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы керек", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Сексеуілде 300 балаға арналған жаңа мектеп салуға республикалық бюджеттен 800 миллион теңге бөлінді, қысқа мерзімде құрылысқа қажетті барлық құжат дайындалды, мердігер анықталды.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиМектеп шеберханасы
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Мектеп шеберханасы

Бүгін мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.

"Қазақстан Республикасы президентінің мектеп салу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды. Бүгін Сексеуіл ауылының балалары 300 орынға арналған жаңа мектепте оқу жылын бастады, - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиМұғалім еңбек сабағы кезінде оқушымен сөйлесіп тұр
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Мұғалім еңбек сабағы кезінде оқушымен сөйлесіп тұр

Қазір жаңа мектепте 442 бала бар. Білім басқармасының мәліметінше, мектепте барлығына орын жетеді. Мұнда кең жиырма оқу кабинеті, асхана, спорт және акт залдары, заманауи кітапхана бар. Мектепте кәсіби мамандар жұмыс істейді.

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областиӘйел балаларын мектепке алып келе жатыр
Қызылорда облысында Тоқаев мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Әйел балаларын мектепке алып келе жатыр

Барлық мұғалім мен мектеп қызметкерлері толық вакцина салдырған.

Сексеуілде тағы үш мектеп бар – ауылдың негізгі бөлігінде орын тапшылығы жоқ.

Оқи отырыңыз: Мектептерде орын тапшылығы 1 миллионға жетуі мүмкін – Тоқаев

Жаңалықтар
0