Өңірлер

Тараз түбіндегі жарылыстан жүзден аса үй зардап шекті – әкімдік

© Sputnik / Тимур БатыршинТараз түбіндегі жарылыстан бүлінген үйлер
Тараз түбіндегі жарылыстан бүлінген үйлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Әскери қоймадағы жарылыстан үш мектеп те бүлінді. Жібек жолы ауылындағы ескі мектептің орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Байзақ ауданының ауылдарында әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен 118 жылжымайтын мүлік анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үш елді мекенде жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталды. Оның 106-сы – тұрғын үй, 12-сі – коммерциялық нысан, деді облыс Бердібек Сапарбаев.

106 тұрғын үйдің 35-сі күрделі жөндеуден өтсе, қалған 71-і жеңіл зақымдалған, олар да қалпына келтіріледі. Барлық жөндеу жұмыстарына үкіметтен және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді, өңірдегі демеушілер де көмектеседі.

"Бүгін бір үйдің күрделі жөндеу жұмыстары басталса, қалған үйлерге құрылысшылар ертеңнен бастап кіріседі. Екі айдың ішінде барлық үйді қалпына келтіреміз деп өзімізге міндеттеме алып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, құрылысшылар күші де жеткілікті",- деді Сапарбаев.

Еске салсақ, үкіметтік комиссия төрағасы, вице-премьер Роман Скляр бұған дейін оқиға орнына барып, мән-жаймен жан-жақты танысқан болатын. Комиссия мүшелері, арнайы мамандар шығын көлемін анықтау және нақтылау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

© Photo : предоставлено местными жителями и волонтерамиЖарылыстан зардап шеккен үйлер
Тараз түбіндегі жарылыстан жүзден аса үй зардап шекті – әкімдік - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жарылыстан зардап шеккен үйлер

"Әлеуметтік нысандарға тоқталсақ, үш мектепке зақым келген. Әсіресе, қатты зардап шеккені – Жібек жолы ауылындағы білім ордасы. 118 бала оқитын білім мекемесінің іргесі 1956 жылы қаланған. Ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Ауыл халқы санының өсімі ескеріліп, үкіметке 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бойынша ұсыныс жолдаймыз. Салынатын жер белгіленді, құжаттары барынша қысқа уақытта дайындалады", - деді өңір басшысы.

Айтуынша, жеңіл зақымдалған Үшбұлақ пен Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілер есебінен қалыпқа келтіріледі. Олар бірінші қыркүйекке дейін дайын болады. Дәл сондай бір медициналық пункт те бір апта ішінде толығымен жөнделеді.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында жарылыстан қаза болғандар саны 14 адамға жетті

Облыс әкімі темір жол, автожолдар қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тұрғындардың барлығы үйіне оралған. Үйлері күрделі жөндеуден өтетін Қайнар ауылының тұрғындары уақытша баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда Тараз қалалық орталық ауруханасында 28 науқас ем алуда. Оның ішінде төртеуінің жағдайы орташа ауыр. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Облыстық әкімдіктің ақпаратынша, медициналық көмекке жүгінген түрлі деңгейде жарақат алған 98 адамның ішінде қарапайым тұрғындар жоқ, барлығы әскерилер мен төтенше жағдай саласының қызметкерлері.

Қазіргі таңда хабарсыз кеткендер іздестіріліп жатыр. Облыс әкімі олардың ата-аналары мен туған-туысқандарымен кездесті. Іздеу жұмыстарына әскерилер, ТЖД мамандары, кинологтар, тиісті мамандар, қызметтік иттер, атты адамдар, жалпы саны 180 адам, 40 шақты техника жұмылдырылды. Арнайы дрон құрылғысының мүмкіндігі де барынша пайдаланылуда.

Жаңалықтар
0