Өңірлер

Министр оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс жайлы: тротил Арыстан әкелінген жоқ

© Photo : Министерство обороны КазахстанаЕрмекбаев қоймадағы жарылыс туралы сұрақтарға жауап берді
Ермекбаев қоймадағы жарылыс туралы сұрақтарға жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Қорғаныс министрлігінің басшысы өрт тротил сақталған қоймадан басталғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында жарылыс болған қоймада сақталған тротил Арыстан әкелінбегенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоймада Арыстан жеткізілген оқ-дәрі сақталған. Бірақ оның жалпы саны Жамбыл облысындағы әскери қоймада сақталған оқ-дәрінің үштен бірін ғана құрайды.

"Арыстан әкелген қарулар жарылыстың шығуына себеп болмаған. Өрт тротил сақталған қоймадан басталған. Тротил Арыстан әкелінген жоқ", - деді Ермекбаев журналистермен кездесуінде.

Ол басқа өңірлерде осындай төтенше жағдайларды болдырмас үшін барлық шара қолға алынып жатқанына сендірді.

Сондай-ақ министр қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты.  

"Президенттің тапсырмасына сәйкес олардың отбасына, бала-шағасына жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қарулы күштер тарапынан, қорғаныс министрлігі тарапынан көмек көрсетілуде. Әр отбасы бойынша нақты есептеулер бар. Ол шамамен 20 миллион теңге қаржылай көмек. Бұдан бөлек тұрғын үй мәселесі де шешіледі", - деді ол.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Жаңалықтар
0