Өңірлер

Жамбыл облысында тоқтап тұрған пойыз жолаушыларына билет құны қайтарылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПоезд вокзалға келе жатыр
Поезд вокзалға келе жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін теміржол билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты "Тараз – Ақшолақ" учаскесінде жолаушыларды автобуспен тасымалдау шаралары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының ресми сайты.

"Ұлттық тасымалдаушы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен "Тараз – Ақшолақ" учаскесінде жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін екі бағытқа  автобуспен тасымалдауды ұйымдастырды. Мақсат - жол жүру билеттеріне сәйкес жолаушылардың пойызбен баратын жеріне жетуіне көмектесу", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, компания жабық пойыздарға жол жүру ақысы толығымен қайтарылатынын жеткізді.

Атап айтқанда:

  • жол жүруден бас тартқан жағдайда жол жүру құнының 100%;
  • келісілген пойыздарға жол жүру құнының 100%.

Ал сапар жарты жолда үзілген болса, жолаушыға жүрілмеген қашықтықтың ақшасы қайтарылады. Пойыздардың кешігуі үшін айыппұлдар төленбейді.

"Жамбыл жол бөлімшесінің "Тараз – Луговое" учаскесіндегі жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Шу, Луговая, Бурное, Тараз пен Сарыағаш станцияларында теміржол билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады", - дейді компания мамандары.

Барлық сұрақ бойынша вокзалдардың анықтама қызметтеріне хабарласуға болады.

Олар:
• Алматы-2 станциясы 8-7272-96-13-15;
• Алматы-1 станциясы-1 8- 7272-96-33-90;
• Луговое станциясы 8-7263-13-61-05;
• Шымкент станциясы 8 – 7252-95-21-24;
• Тараз станциясы 8 - 7262-96-24-59;
• Шу станциясы 8-7264-36-36-82;
• Қызылорда станциясв 8 - 7242-29-21-35

Ал билеттерді қайтару бойынша түсініктеме алу үшін Whats App: 8-707-270-36-64 нөміріне хабарласуға болады.

Анықтама қызметінің бірыңғай нөмірі - 105.

"2021 жылғы 26 тамызда Тараз – Луговая учаскесінде қалыптасқан жағдайға байланысты қазіргі уақытта жолаушылар пойыздары қозғалысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Тараз – Ақшолақ" учаскесінде пойыздар қозғалысын ашу бойынша қосымша хабарланатын болады", - делінген ресми хабарламада.

Ал жергілікті полиция жолаушыларды автобуспен тасымалдау шараларын видеоға түсіріп көрсетті.

Жаңалықтар
0