Өңірлер

Маңғыстауда алғаш рет жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтужаңбыр тамшылары
жаңбыр тамшылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа амал көріп отырған жоқпыз, дейді кәсіпкерлер палатасындағылар

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысының кәсіпкерлері қуаңшылыққа қарсы арнайы технологияны қолданып көрмекші. Онымен жаңбырды жасанды жолмен жаудыруға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Атамекен" палатасының ресми сайтына  сілтеме жасап. 

Бизнесмендер жаңа бастаманы қолдап отыр. Бірақ жаңбыр жаудыру технологиясын алдымен апробациядан өткізу керек.

"Біз проблемадан шығу үшін елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологияның бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа амал көріп отырған жоқпыз", – дейді кәсіпкерлер палатасына қарасты өңірлік кеңестің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Ал жаңа технологияны таныстырған Алтай Айнабек құрылғының қоршаған ортаға, адамдарға, жан-жануарға немесе ұшақтарға еш зияны жоқ деп отыр. Оны еуропалық De Nayer зертханасы да растады.

"Теріс иондарды атмосфераға жіберу арқылы ауада әртүрлі деңгейдегі ылғалдар жиналады. Ал Каспий теңізінің акваториясындағы буланған ылғалдарды Маңғыстау аудандарына жіберудің нәтижесінде бұлттар түзіледі де, керек жерде жаңбыр жаудыруға болады. Біз ұсынып отырған "Clear Sky Manager 5" және "Clear Sky Manager 7" технологиялары Ресей, АҚШ, Жапония мен Еуропалық одақта патент алған", – дейді Айнабек.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда түйе мен жылқы қырылып жатыр

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті мамандар аудандарды аралап, құрылғыны қондыратын бес орынды анықтап береді. Әрбір құрылғы 200 шақырымдық радиуста жұмыс істейді.

"Жылдық жаңбыр мөлшері кем дегенде 30 процентке көбейеді. Нәтижесін бір ай ішінде көрсете аламыз", – деп атап өтті Айнабек.

Компания жаңбыр жаудыру технологиясының алғашқы сынағын өз қаржысына жүзеге асыратын болады.

"Біздің технологиямыздың бір жылдық қызметтік құны 5 миллион еуроны құрайды. Алайда детонациялық жұмыстар кезінде 1,3-2 миллион еуро аралығында жұмыс көрсетеміз, қалған 3-3,8 млн еуро демонстрация жобасы аясында бірлескен инвестиция арқылы жүзеге асады және қаржыны кестеге сай нәтиже көрсеткен соң аламыз", – деп атап өтті компания өкілі.

Кәсіпкерлер технологияны қолдануға қатысты кейбір шығындарды өтеуге келісті. Соның ішінде тасымалдау мен монтажға кететін қаржы бар.

 

 

Жаңалықтар
0