Өңірлер

Марқұмның заттарын жуып қойған: Павлодарда жігітінің қылмысын жасырған қыз ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Қылмыстың куәгері болған ауыл тұрғыны болған оқиғаны полицияға хабарлаудың орнына заттай айғақтардан арылуға тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жігітінің адам өлтіргенін жасырған қыз ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауыл тұрғынына қатысты істі тергеп жатыр.

"Маусым айының соңында Успен ауданының Қозыкеткен ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын жанжалдан кейін танысына пышақ жарақатын салған, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Ауыл тұрғыны қылмыстың куәгері болды, бірақ полицияға болған оқиға туралы хабарлаудың орнына заттай айғақтардан арылуға тырысқан, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Қыз қылмыс құралын – пышақты жуып, жасырды, сонымен бірге марқұмның заттарын жуды деген күдікке ілініп отыр.

"Осыдан кейін тұрғындар оқиға орнынан кетіп, бақшаға тығылған. Олар жазадан жасырыну үшін ауданнан кетуді жоспарлаған, бірақ жоспары жүзеге аспады. Бірнеше сағаттан кейін полиция ұстады", - деп толықтырды Қайыров.

Қылмыс жасаған күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал осы қылмысты жасырған оның сүйіктісіне қатысты 432-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жаңалықтар
0