Өңірлер

Қызылорда облысында ер адам айыппұл тұрағынан өз көлігін ұрлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневСотрудники казахстанской полиции, архивное фото
Сотрудники казахстанской полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Көлік иесі машинаны айдап кеткенін мойындап, "мас болғанын және есін білмегенін" айтты. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының тұрғыны жол ережесін бұзған. Полиция қызметкерлері көлікті айыппұл тұрғаны қойды. Алайда ер адам оны ұрлап әкетті. 

"Жаңақорғанның аудан орталығындағы көшеде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғын айдаған ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Ол мас болған. Мұны сараптама да растады", - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінде.

Жүргізушіге қатысты заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

"Алайда сол түні 102 жедел желісіне белгісіз адамның автотұрақ қақпасын бұзып, көлік айдап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті, - деді полиция департаментінде. – Оқиға орнына жеткен полиция нақты қай көліктің қолды болғанын анықтады. Ол дәл сол ВАЗ-2107". 

Аудандық полиция бөлімінде "Тосқауыл" жоспары жарияланды. Полиция қызметкерлері көлікті Жаңақорған ауылындағы көшелердің бірінен тауып, қайтадан айыппұл тұрағына жеткізді.

Көлік иесі машинаны айдап кеткенін мойындап, "мас болғанын және есін білмегенін" айтты. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0