Өңірлер

Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
17 тамызда жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Павлодар ауданының полициясына  ауылдардың бірінде ер адам әйелін өртеп жібергені туралы қоңырау түскен.

Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Оқиға
"Қасақана өлтірмедім": Шымкентте кәсіпкерді өртеп жіберген ер адам сотта жылап жіберді
"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 8 тамызда сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыпты арасында жанжал болғанын анықтады, мас ер адам көлігімен кетуге тырысқан, ал әйелі оған бөгет болған. Жанжал барысында ер адам тоңазытқыштан спирт алып, оны жұбайына шашып, кейін оттықпен тұтатып, жағып жіберген", – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция зардап шеккен әйелдің ауруханаға жатқызылғанын атап өтті. Аталған факті бойынша полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

"Өкінішке қарай, 17 тамызда жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болды. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне қайта сараланды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды", – деді Жасқайрат Қайыров. 

Жаңалықтар
0