Өңірлер

Алматыда жедел жәрдемге хабарласу мүмкін емес – басқарма себебін түсіндірді

© Photo : пресс-служба акимата АлматыСкорая помощь
Скорая помощь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдар төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 112 нөміріне автоматты түрде қосылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдемге кей кезде қоңырау неге түспейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Басқарма мамандарының айтуынша, соңғы кезде 103-ге хабарласатын адамдар арыз-шағым жиі айта бастады. Себебі жедел жәрдемге қоңырау шалу мүмкін емес. Ал нөмірді терген адам белгісіз себептермен автоматты түрде төтенше жағдайлар департаментінің – 112 нөміріне қосылып кетеді. Кей кезде жедел жәрдемге қоңырау бармай қалады.

"Осыған байланысты біз тексеріс жүргізіп, жедел жәрдемге хабарласуға кедергі жасайтын бірнеше ақауды анықтадық. Соның біреуі – жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдардың төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 112 нөміріне автоматты түрде қосылуы", - дейді басқарма мамандары.

Ал Beeline компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, мұндай жағдайдың басты себебі – қытайлық смартфондар. Бүгінде халық арасында кеңінен танымал бірқатар қытайлық смартфондардан жедел жәрдемге (103) ғана емес, полицияға да (102), өрт сөндіру қызметіне (101) де, тіпті, газдың апаттық қызметіне (104) де қоңырау түспейді.

Денсаулық сақтау басқармасы ондай ақаулық анықталса, нөмірдің алдында "9" санын теруге кеңес берді.

  • 9103 — жедел жәрдем;
  • 9102 — полиция;
  • 9101 — өрт сөндіру.
Жаңалықтар
0