Өңірлер

Жетісайда полицейлер үш сыныптас жігіттің ізіне түскен

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Күдікті үшеу көшеде келе жатып, жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын біліп, оңай жолмен ақша табуды көздеген

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай қаласында үш сыныптас пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта оның үйіне белгісіз біреулер заңсыз кіріп, құны 100 мың теңге болатын ноутбугы мен 85 мың теңге болатын принтерін ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

"Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Айналаны шолып, көрген-білгендерден жауап алды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сезіктілерге қатысты ақпарат көздері табылып, полицейлер олардың ізіне дереу түсті", - делінген хабарламада.

Үзіліссіз үш күн бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар, сыныптас үш жас жігіт болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті үшеу көшеде келе жатып, жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын біліп, оңай жолмен ақша табуды көздейді. Осылайша үйдің есігін бұзу арқылы ішке кірген. Барлық бөлменің астан-кестеңін шығарып, қолдарына ілінген бағалы техниканы алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қолды болған компьютер мен принтерді небары 18 000 теңгеге басқа біреуге сатып, ақшаны жаратып жіберген.  

Жаңалықтар
0