Өңірлер

Облыс бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты – не өзгерді

CC0 / Narcis Ciocan / Подписание документа
Подписание документа - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін ашық болады

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соған сәйкес, сұлулық салондары, шаштараз және косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Ashyq жобасына қосылған нысандар жұмыс күндері сағат 07:00-20:00 аралығында, толтырылуы 50% болып жұмыс істейді.

Облыстағы жабық базарлар жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін ашық болады. Ashyq жобасына қосылған базарлар жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін, "Лидер" мәртебесі бар қатысушылар сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі қызметіне тыйым салынған.

Банк, ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, сенбі және жексенбі жұмысына тыйым салынған. Aqshyq жобасына сәйкес, ХҚКО жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері  сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Алайда нысанның толтырылуы 50%-ке дейін, 30 орыннан аспауы қажет. Ashyq жобасына қосылмаған нысандар сенбі және жексенбі жабылады. Тамақты жеткізу штаттық режимде орындалады.

Ұжымдық және бұқаралық іс-шара өткізуге қатаң тыйым салынған.

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін ашық болады. Ashyq жобасына қатысатын балалардың ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді, қалған жерде жабық болады. Aqshyq жобасына қосылған сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері сағат 07.00-20.00-ге дейін, "Лидер" мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-22.00 аралығында жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі жабылады.

Ashyq жобасына қосылмаса, қызметіне тыйым салынатын нысандар:

  • Театр, кинотеатр, концерт залдары, филармония;
  • Боулинг клубтары;
  • Мәдениет нысандары;
  • Бильярд;
  • Караоке;
  • Көрмелер;
  • Цирктер.

Бұл нысандар Ashyq жобасына қосылған жағдайда жұмыс күндері 07.00-20.00-ге дейін, "Лидер" мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-22.00 аралығында жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі жабылады.

Қаулының толық мәтіні мен нысандар тізімін мына жерден көруге болады. Құжат бүгіннен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0