Өңірлер

Телефон қоңырауына жауап берген Сарыағаш тұрғыны 500 мың теңгеден айырылды

© Public DomainТелефон, әлеуметтік желі
Телефон, әлеуметтік желі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Сарыағаштық әйел танымайтын адамның есепшотына жарты миллион теңге аудара салған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел алаяққа қалай алданғанын айтып берді. Оның айтуынша, белгісіз біреу қоңырау шалып, "Сіз пәтер ұтып алдыңыз, соны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз" деп айтқан. Содан ол танымайтын адамның есепшотына 500 000 теңге аударды. Осыдан кейін алаяқ әйел телефон көтермей қойды. Сол кезде Сарыағаш тұрғыны алданып қалғанын түсінген.

Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Сол жақтан хабарласып, алдап кеткен. Ақшасын да жұмсап үлгерді.

Тәртіп сақшылары оны Түркістан облысына жеткізді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Оқи отырыңыз: Жетпіс адамды алдаған оралдық әйел ұсталды

Жаңалықтар
0