Өңірлер

Облыстардың бірі "сары" аймаққа оралды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиТуркестан, фонтаны, виды города
Туркестан, фонтаны, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Қалған өңірлердің бәрі әлі де "қызыл" аймақта тұр. Елде өткен тәулікте 7 481 адам коронавирусқа шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз — Sputnik. Адам ең көп шоғырланған Түркістан облысы коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа оралды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия. 

Өткен тәулікте бұл өңірде 122, ал бір күн бұрын 115 адам вирус жұқтырған.

Түркістан облысы "қызыл" аймақта бірнеше күн ғана болды.

Қалған өңірлердің бәрі әлі де "қызыл" аймақта тұр. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары да сол тізімде.

Елде өткен тәулікте 7 481 адам коронавирусқа шалдықты, бір күн бұрынғы көрсеткіш - 7 573.

Жаңалықтар
0