Өңірлер

Тоқаев жұмыстан қуған экс-әкім басшылық қызметке тағайындалды  

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
2019 жылдың қарашасында Қайрат Досаев президенттің тапсырмасымен қызметінен қуылды. Оған даладағы мектеп дәретханасында қыздың зорлануы себеп болды. Сонымен қатар оқу орнының басшылығы мен бірнеше мектеп қызметкері жұмыстан босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Тараздың бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

"Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Әскербекұлы Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды", - делінген облыс әкімдігінің ресми хбарламасында. 

Дәретханадағы зорлау

Еске сала кетейік, 2019 жылы Таразда 7-сынып оқушысын мектеп аумағындағы дәретханада зорлап кеткен болатын. Мектеп ішіндегі әжетхана дұрыс жұмыс істемеген және білім ошағының аумағында бір сағат бойы жүрген бөтен адамға ешкім назар аудармаған.  

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол 19 жыл бұрын әйел зорлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.

Президент: Таразда болған оқиға – нағыз масқара

Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті.

Бірнеше күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшысына жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды.     

Қайрат Досаевтың өмірбаяны

Қайрат Досаев 1965 жылы туған, білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылық институтын "инженер-механик", Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін "экономист" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы ғылыми-өндірістік бірлестіктің инженері болып бастаған.

Әр жылдары "Алтын диірмен" АҚ инженері, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі, төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәселестікті қорғау басқармасының басшысы, Алматы облысының тарифтер басқармасының басшысы, төтенше жағдайлар министрінің көмекшісі, "Мекен" ЖШС директоры, "2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" акционерлік қоғамы Алматы филиалының директоры, вице-президенті, департамент директоры, "Казспортинвест" АҚ вице-президенті лауазымдарында еңбек етті.

Сондай-ақ, 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары Шу ауданының әкімі, 2019 жылы Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы ретінде жұмыс істеп келді.

Жаңалықтар
0