Өңірлер

Атырауда қоғамға қауіп төндірген екі медбике ұсталды

© AFP 2024 / ERIKA SANTELICESМедик набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик набирает в шприц вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Медбикелердің бірі ақпараттық жүйеге вакциналау туралы жалған ақпарат енгізсе, екіншісі препаратты төгіп тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Атырауда қалалық емханалардың бірінің қызметкерлері вакциналау паспортын 100 мың теңгеге сатқан.

Медбикелер вакцинаның әр компонентіне 50 мың теңгеден алған, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті. Медицина қызметкерлері ұсталды, деп жазды ATPress.

"Полиция жүргізген операция кезінде медбикелердің бірі жүйеге жалған ақпарат енгізгені белгілі болды, ал екінші медбике вакцинаны төгіп тастағанын мойындады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 206-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция тағы қанша адамның жалған вакциналау паспортын алғанын анықтайды.

Бұған дейін, 31 шілдеде атыраулық полицейлер жалған вакциналау паспортын 10 мың теңгеден сатқан медицина қызметкерін ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Семейде жалған вакциналау паспортын жасағандар ұсталды – видео 

Айта кетейік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір күн бұрын өңір тұрғындарына үндеу жасады.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше күннің ішінде Атырау облысында 24 адам осы індеттен қайтыс болған.

"Қазіргі уақытта облыстың жұқпалы аурулар ауруханаларында COVID-19 диагнозы қойылған бір жарым мыңға жуық науқас емделуде. 78 адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, олардың 10-ы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды",-деді ол.

"Егер жағдай нашарласа, біз карантиндік шараларды күшейтуге, қатаң шектеулер енгізуге мәжбүр боламыз. Біз бұған жол бермеуіміз керек", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0