Өңірлер

Шымкентте 2 тамыздан бастап қандай шектеулер енгізіледі

© Photo : пресс-служба минобороны КазахстанаДезинфекция улиц в городах Казахстана
Дезинфекция улиц в городах Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Келер аптадан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданған болатын

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдады. Соған сәйкес, 2 тамыздан бастап қалада сұлулық салоны, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін орындар Ashyq жүйесіне тіркелген болса, 09:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Алайда сенбі-жексенбі күндері жабық болады.

Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер қалыпты режимде жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын дүкендер тек жеткізу арқылы қызмет көрсетеді.

Медициналық орталықтар, стоматология алдын ала жазылу бойынша қалыпты режимде жұмыс істейді.
Қоғамдық көлік жұмыс күндері қалыпты режимде қатынайды, демалыс күндері жүрмейді.

Банк, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелері Ashyq жүйесінде болса, 09:00-18:00 арасында қызмет етеді. Демалыс күндері жұмыс істемейді.

Мектепке дейінгі мекемелер жұмысына тыйым салынған.

Ұйымдар мен кеңселер коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарды қоспағанда, қызметкерлерінің 80%-і қашықтан, 20%-і күндізгі режимде жұмыс істей алады. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, соңғы үш ай ішінде жазылып шыққан қызметкерлерге күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат берілген.
Діни нысандар, монша, қалааралық-облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысына, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне тыйым салынған.

Толық тізімді және қай нысан қалай жұмыс істейтінін мына жерден көре аласыздар.

Қаулы 2 тамыз – 6 тамыз аралығында күшінде болады.

Айта кетері, бұған дейін ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ін және тәуліктік өлім-жітімнің 55%-ін құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

Комиссия мүшелері 2 тамыздан бастап осы қалаларда бірқатар шектеу шарасын енгізуді ұйғарды.

Жаңалықтар
0