Өңірлер

"Көліктер түнде химия шашады": видео Талдықорған тұрғындарын шошытты

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДвижение транспорта в ночное время
Движение транспорта в ночное время - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Жергілікті билік дүрбелеңге салынбау керек екенін айтып отыр. Олар жағдайға қатысты түсініктеме берді

ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 шілде — Sputnik. Әлеуметтік желіде Талдықорғанда көліктер белгісіз химиялық затты сепкені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл қала тұрғындарының зәресін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Кейбір адамдар видеодағы көлік түнде адамдарды улайды деген пікір білдіруде. Бұл роликті Қазнетте мыңдаған адам көрді.

Талдықорған әкімдігі дүрбелеңге салынбау керек екенін айтып отыр. Олар жағдайға қатысты түсініктеме берді. Қалалық билік хабарлауынша, ағаштарды дезинфекциялау жұмысы жүріп жатыр.

"Коммуналдық қызметтер ағаштарды зиянкестерден қорғау үшін фунгицид ерітіндісімен өңдеп жатыр", - деді Талдықорған әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

© Photo : Пресс-служба акима ТалдыкорганаТалдықорған әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді
Талдықорған әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді - Sputnik Қазақстан
1/2
Талдықорған әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді
© Photo : Пресс-служба акима ТалдыкорганаАғаштарды зиянкестерден қорғау үшін фунгицид ерітіндісімен өңдеп жатыр
Ағаштарды зиянкестерден қорғау үшін фунгицид ерітіндісімен өңдеп жатыр - Sputnik Қазақстан
2/2
Ағаштарды зиянкестерден қорғау үшін фунгицид ерітіндісімен өңдеп жатыр
1/2
Талдықорған әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді
2/2
Ағаштарды зиянкестерден қорғау үшін фунгицид ерітіндісімен өңдеп жатыр

Оның айтуынша, адамдар мен көлік аз болуы үшін өңдеу түнде жүргізіледі.

Жаңалықтар
0