НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Теміртау тұрғыны елордалық сатушыларды алдаған, деп хабарлады Polisia.kz.
Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда орнының сатушыларын алдаған. Ойлаған ісін әрі жалғастыру мақсатымен қаскүнем қала дүкендерінде азық-түлік сатып алу арқылы әмиянынан 10 мың теңгелік купюраны шығарып, ақшаны бермей кеткен.
"Сатып алушы" сатушының ақша санап жатқанын пайдаланып, оны әңгімемен алаңдатып, қолындағы ақшаны қайтадан әмиянына салып алған. Азық-түлік дүкенінен азық-түлік пен қалған ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынып, 10 мың теңгені пайда қылған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасаған күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты.