05:20 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4288 0 0

Жаңаөзен қаласындағы "Oilfield equipment and service" (OES) ЖШС мен "Ақтау мұнай сервистік компаниясы" ЖШС қызметкерлері жалақыны 100 процентке көтеруді талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында бірнеше компанияның ұжымы мемлекет басшысына үндеу жолдап, жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәселен, Жаңаөзен қаласындағы "Oilfield equipment and service" (OES) ЖШС мен "Ақтау мұнай сервистік компаниясы" ЖШС қызметкерлері еңбек келісімшартын беруді, сондай-ақ, жалақыны 100 процентке көтеруді талап етіп отыр.

"Үшінші талабымыз – жылына екі рет Тәуелсіздік күніне және Мұнайшылар күніне сыйақы төлесін, төртінші талабымыз – аймақтық коэффицент, бесінші талабымыз – жыл соңында 13-ші еңбекақы. Талап етеміз! Осы талап орындалмайынша жұмысты тоқтатамыз", - дейді жұмысшылар.

"Ақтау мұнай сервистік компаниясы" ЖШС-ның Ақтау қаласындағы ұжымы әріптестерін қолдады.

Жаңаөзен қаласындағы еден жуушылар мен вахтерлар да жалақыны көтеруді талап етті.

"Жұмысшылардың 70-80 пайызы – жалғызбасты аналар мен жағдайы төмен отбасылар. Басым бөлігі – көпбалалы аналар. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырғандар да бар. Жұмысшылар басқа құрылымдық нысандарда жұмыс істейді. Түскі ас ішуге қалаға келуге мүмкіндік жоқ. Нысандарда мұнайшылармен қатар зиянды радиация жұтып, еңбек етеді. Бірақ түскі асқа сүт те бөлінбейді. Зияндылық коэффиценті де қарастырылмаған", - дейді жұмысшы әйелдер.

Олардың айтуынша, өңірде азық-түліктің бағасы қымбат. Сондықтан жалақы күнкөріске әрең жетеді.

Тоқаев әкімнен Маңғыстаудағы наразылықтар жайында сұрады 

Айта кетейік, 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Маңғыстау облысының әкімінен жұмысшылардың наразылығы жайында сұраған болатын.

Облыс басшысы мұнай саласындағы қиындыққа пандемия себеп болды деп отыр. Былтыр шикізаттың бағасы күрт төмендеген. Артынан мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысы азайған.

"Содан мәселе туындады. Қазір біз "ҚазМұнайГаз" компаниясымен бірлесіп, осы мәселені шешу үшін кешенді жоспар дайындап жатырмыз. Ондағы мақсат – сервистік компаниялар мен мұнайшылардың еңбекақысын теңестіру. Себебі олар бір жұмысты атқарады. Бірақ жекеменшік сервистік компаниялардың тарифі төмен. Ал "ҚазМұнайГазға" қарасты мекемелердің тарифі одан жоғары. Сондықтан олардың жалақысын бір жобаға келтіріп, осы мәселені үкіметтің алдында көтереміз. Негізгі мәселе, сол – еңбекақы", -  деді Тұрымов.

Ал президент Маңғыстау облысында шешімін таппаған мәселелердің аз емес екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты мемлекет басшысы жақын арада Маңғыстау облысын дамыту бойынша арнайы кеңес өткізетінін мәлімдеді.

Загрузка...

Басты тақырып