15:58 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3583 0 0

Көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған мектепте үлкен жарық пайда болды, ғимараттың шатыры да адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп тұр

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Қарағандыда 4 жыл бұрын салынған жаңа мектеп оқушыларға қауіп төндіріп отыр, деп хабарлады "Астана ТВ" телеарнасы.

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп құлай бастады. Қабырғасында жарық пайда болды, бетонның қорғаныш қабаты құлады, тіпті арматура да ашылды.

Мектеп құрылысына бюджеттен 1,5 миллиард теңге жұмсалған.

Мамандар пандемия балаларды қандай да төтенше жағдайдан сақтап қалғанын айтты. Себебі сабақтар онлайн жүргендіктен, дер кезінде сараптама жүргізіп, қабырғаларды, шатыр мен еденді толық тексерген. Сот мектеп-интернаттың жұмысын тоқтатты.

"Спортзал, сыныптар, жатын бөлме жақтың шатыры қауіпті жағдайда тұр. Ғимараттан үлкен жарық анықталды. Ол біршама қисайды, бұл балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Ең бастысы – сот шешімі. Шешім бойынша мектеп ғимараты аумағына келуге тыйым салынған", - деп хабарлады Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Людмила Гавриленко.

Білім басқармасының хабарлауынша, тегін жөндеу жүргізуге берілген кепілдік мерзімі аяқталды. Алайда құрылысшылар қаржылық жауапкершілікке тартылады.

Ал мектеп басшылығы шұғыл түрде 100 оқушы мен 113 мұғалімге арналған жаңа ғимарат іздеп жатыр. Ал мектепке олар күрделі жөндеуден кейін ғана оралады.

"Біз бұл жер толық қауіпсіз болған кезде ғана ораламыз. Ерекше балалар үшін мектепті ар-ұятпен салу керек еді. Болар іс болды. Қазір толық қалпына келтіру үшін смета дайындалып жатыр. Дәл қазір қанша қаражат қажет екенін айту қиын. Алайда біз бұл мектепке келесі оқу жылында оралуды жоспарлап отырмыз", - деді көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының директоры Айман Тілегенова.

Загрузка...

Басты тақырып