16:00 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
598 0 0

Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін көтеріледі

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанда 22-24 шілде аралығында күн жылынады, кей жерде ауа температурасы 44 градусқа дейін жетеді.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, оңтүстік және солтүстік облыстардан бөлек аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнайды, екпінді жел тұрып, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42°C-қа дейін көтеріледі.

Тек еліміздің батысында 33-41°C жылудан 25-33°C жылуға дейін біртіндеп төмендеу байқалады.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 22 шілдеде күн ашық, күндіз ауа температурасы +31°C, түнде +25°C. 23 шілдеде күн құбылмалы, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +34°C жылы болады, түнде +21°C-ты көрсетеді. 24 шілдеде күн ашық, +36°C жылы болады. Түнде ауа температурасы +22°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 22 шілдеде күн ашық, күндіз 28°C жылы, түнде +15°C жылыны көрсетеді. 23 шілдеде күн ашық, күндіз +29°C, түнде +16°C жылы болады. 24 шілдеде күн ашық, күндіз +32°C, түнде +17°C жылы болады.

Шымкентте алдағы үш күнде күн ашық болады. 22 шілдеде күндіз +35°C, түнде +21°C болады. Желдің жылдамдығы – 10 м/с. 23 шілдеде күндіз +38°C, түнде +21°C. 24 шілдеде +40°C ыстық болады, түнде ауа температурасы +23°C-ты көрсетеді.

Кілт сөздер:
ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып