Өңірлер

Қазақстанның тағы бір облысы "қызыл" аймаққа кірді

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан тұрғындары
Нұр-Сұлтан тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Алматы облысы бұған дейін коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұрған еді

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 19 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес, бұған дейін "сары" аймақта тұрған Алматы облысы "қызылға" ауысты.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары қалды.

"Жасыл" аймақта бірде бір өңір жоқ.

Соңғы күндері республикада індетке шалдыққандар саны артты. Өткен тәулікте 5 317 адамда коронавирус расталды. Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 494 222 адамға жетті.

Жаңалықтар
0