Өңірлер

Қазақстанның 10 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / BEHROUZ MEHRIМужчина в маске укрывается зонтом во время сильного ветра
Мужчина в маске укрывается зонтом во время сильного ветра  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2021
Жазылу
Синоптиктердің хабарлауынша, ертең кей өңірде аптап ыстық болса, кей облыста найзағай ойнап, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Ауа райына байланысты 10 облыста дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

18 шілдеде Қызылорда облысында 40 градус аптап ыстық болады деп болжанып отыр. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерінде ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталмақ.

18-20 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі болжанған.

Атырау облысында 39 градусқа дейін күн ысиды. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Оқи отырыңыз: Шілдеге ауа райы болжамы

Ақтөбе облысында кей жерінде найзағай ойнайды. Өңірдің оңтүстігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз 37 градус аптап ыстық болады. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с болады.

Жаңалықтар
0