Өңірлер

Павлодар облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды: не өзгереді

© AFP 2024 / SILVIO AVILAЧеловек в защитном костюме занимается санитарной обработкой в ТРЦ
Человек в защитном костюме занимается санитарной обработкой в ТРЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2021
Жазылу
Өңірде автобус қозғалысы тоқтап, сауда орталықтары, мәдениет пен спорт нысандарының жұмысына шектеу енгізілді

ПАВЛОДАР, 14 шілде – Sputnik. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Павлодар облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Осы құжатқа сәйкес қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және туристік автобустар мен шағын автобустар тасымалы тоқтатылды. Алайда Ashyq жобасына қатысушылар бұл тізімге кірмейді.

  • Демалыс және мереке күндері саяжайға дейін жүретін автобустарды есепке алмағанда, қоғамдық көліктің жұмысына тыйым салынды.
  • Білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларға арналған дамыту орталықтары жабылды. Сондай-ақ сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің (сағат 20:00-ге дейін істейтін Ashyq жобасына қатысатын азық-түлік тауарлары, тұрмыстық химия тауарлары, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары, зоотауарлар сататын нысандар мен вакциналау пунктерін есепке амағанда) де жұмысы тоқтатылды.
  • Ashyq жобасына қатысатын нысандарды есепке алмағанда, қоғамдық тамақтану нысандарының да жұмысына тыйым салынды.
  • Ashyq жобасына қатысатын нысандарды есепке алмағанда спорт кешендері және басқа да спорт нысандары, жаттығу залдары, жабық мұз алаңдары, спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтар, фитнес клубтар, йога орталықтары, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер де жабылды.
  • Ashyq жобасына қатысатын нысандарды есепке алмағанда кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, компьютер клубтары, боулинг, бильярд ойынына арналған мекемелер, караоке, көрмелер де жұмысын тоқтатты.

Сонымен қатар көлемі 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес тауарлар сататын нысандар, барлық ашық және жабық базарлар, жәрмеңкелер де жабылды.

Сондай-ақ Ashyq жобасына қатысатын фитнес орталықтарының, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорт-сауықтыру кешендерінің, сауналардың, SPA-орталықтардың, спорт нысандарының, бассейндердің жұмысы жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін шектелді.

Ashyq жобасына қатысу-қатыспауына қарамастан сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар 20:00-ге дейін, ал Ashyq жобасына қатыспайтындары 18:00-ге дейін ашық болады.

Жаңа қаулы 2021 жылдың 15 шілдесі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0