05:35 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2393 0 0

Кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтерді көрсетіп есеп ұсынған

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Шымкент қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті мектеп салуға бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады.

Орта мектеп "Жұлдыз" тұрғын алабында салынуы керек болған.

"Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер көрсетіп есеп ұсынғаны белгілі болды. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 миллион теңгені құрады", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызметкер 43 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Кілт сөздер:
Шымкент, кәсіпкер
Загрузка...

Басты тақырып