18:09 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
65710

Өскемен тұрғыны мас күйінде көлік жүргізген қалалық әкімдіктің қызметкерін видеоға түсіріп алды. Ролик әлеуметтік желілерде тарады

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Өскемен әкімдігінің мас қызметкері  жылжымалы вакциналау пунктінің маңында видеоға түсіп қалды. Қалалық әкімдік пен Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме берді.

Куәгерлердің айтуынша, ол вакциналауға арналған автобустың жанынан өтіп бара жатып, автобустың есіктері жабық, ал дәрігерлер адамдарды қабылдамай жатқанын байқаған. Оның сөзінше, автобустағы дәрігерлер бетперде режимін сақтамаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Ер адам істің мән-жайын анықтау үшін полиция мен қалалық әкімдіктің қызметкерлерін шақырды.

"Бізге Индира Қалжабаева есімді азамат келді, өзі мас, бірақ соған қарамастан көлік айдаған. Ол да ештеңе түсіндіре алмады", - делінген Instagram-да road_control_kz паблигінде жарияланған жазбада.

Әкімдік қызметкерге қатысты шара қабылдады.

"11 шілде қала әкімі аппаратының қызметкері Қалжабаева Индира Ғадылшинқызының қатысуымен болған оқиға жайлы келесіні хабарлаймыз. Полиция көлікті мас күйінде жүргізу фактісі бойынша әкімшілік өндіріс бастады. Полиция басқармасынан материалдар түскеннен кейін әкімдік болған оқиға мен мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді. Барлығын анықтағанға дейін Қалжабаева жұмыстан шеттетілді", - деп хабарлады Yk-News басылымы.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 54 жастағы әйел мас күйде Hyundai Accent көлігін жүргізіп бара жатқан жерінен тоқтатылғанын мәлімдеді.

Бұл факті бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Кілт сөздер:
Өскемен, әкімдік
Загрузка...

Басты тақырып