Өңірлер

Бекшин Алматыда Құрбан айт қалай өтетінін түсіндірді

© Sputnik / Тимур БатыршинМусульмане Казахстана отмечают праздник Ораза айт
Мусульмане Казахстана отмечают праздник Ораза айт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді. 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин биыл Құрбан айт кезінде құрбандық шалу рәсімі қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы алғаш рет Құрбан айтты онлайн режимде өткіздік. Құрбан шалу және садақа беру онлайн режимде өтті. Былтыр Qurban2020 сайты жұмыс істеді. Сол тәжірибемізге сай, биыл Qurban2021 сайтына садақа және құрбан шалу рәсіміне жұмсалатын қаражат түсіп отырады", - деді Бекшин.

Айтуынша, құрбандыққа шалынатын мал арнайы қасапханада сойылады. Былтыр мал сою пункті Қарасай ауданында бекітілді.

"Былтыр бәрі ұйымдасқан түрде өтті. Дін істері басқармасы, Алматы мүфтиімен бірлесіп, былтырғы тәжірибені талқылаймыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді. 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі:

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру;

Өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.

Жаңалықтар
0