Өңірлер

Павлодар облысында адам өлтірді деген күдікті 17 жылдан кейін ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовный кодекс Казахстана
Уголовный кодекс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Павлодарлық полицейлер 2004 жылы жасалған ауыр қылмысты ашты

ПАВЛОДАР, 9 шілде – Sputnik. Павлодар облысында 17 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылып, күдікті  ұсталды.

2004 жылғы қылмыс бүгінгі күнге дейін ашылмай келген. Железин ауданының тұрғыны сол кезде қарындасын өлтіріп, оның денесін жертөлеге тастап кеткен. Материал тіркелді, бірақ тергеу барысында күдіктінің кінәсін растайтын дәлелдер болған жоқ, деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Ер адам жасырынған жоқ, бірақ полиция ол екенін білмеді. Геномдық және басқа да сараптамалардың нәтижесі бойынша оның кінәсін дәлелденіп, ұсталды. 2004 жылы қазіргі кездегідей сараптамалар қолданылмайтын", - деп түсіндірді Қайыров.

Петропавлда 90-жылдары елді дүрліктірген маньяк қайта қылмыс жасады

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, облыстық криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыстың бетін ашқан. Қылмыстық тергеудегі 50 адам ұсталды.

Жаңалықтар
0