Өңірлер

Оралда түсірілген видеодан кейін полиция ер адамды тапты – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМужчина держится за голову
Мужчина держится за голову - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Ұсталған ер адам қала тұрғыны болып шықты. 1985 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейді. Ол өз кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Орал қаласында тапа-тал түсте зейнеткерді тонамақ болған ер адам ұсталды. Осы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Видеода егде жастағы адамның банкоматтан ақша алып жатқаны анық көрінеді. Оның артындағы ер адам бәрін бақылап тұр. Одан кейін бас салып, зейнеткердің ақшасын алып қойғысы келген. Бірақ ол ұрыға қарсылық көрсетіп қана қоймай, бастан бірнеше рет ұрған. Ер адам ақшаны ала алмай, қашып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бұл оқиға Орал қаласының Құрманғазы көшесінде болды. Бетперде киген ер адам зейнеткердің 125 000 теңгесін алып қойғысы келген.

"Кезекшілік бөліміне 1953 жылы туған ер адам хабарласып, банкоматтан ақша алып жатқанда белгісіз біреудің бас салып, ақшаны тартып алғысы келгенін айтты. Одан кейін оқиға орнынан қашып кетті. Бірден іздеу шаралары басталды. Соның нәтижесінде оны бірнеше минуттың ішінде ұстады", - дейді полицейлер.

Ұсталған ер адам қала тұрғыны болып шықты. 1985 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейді. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-тармағы ("Тонауға оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Осы бапқа сәйкес, кінәлі адам мүлкi тәркiленеді. Үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0