Өңірлер

Түркістан облысының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Сот мас жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім етті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Түркістан облысында жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Архивное фото женщины за рулем - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2020
Өңірлер
Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйелдің төрт баласын алып қойды
Жетісай АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторлары күндізгі сағат 10:30 шамасында Асықата кенті көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінен күдіктеніп, тоқтатқан.

Тексеру кезінде көлік ішінен спирттік ішімдіктің ыдысы табылды. Сондай-ақ жүргізуші ішімдік ішкен деген күдікке ілініп, медициналық куәландырудан өткізілді. Нәтижесінде тұрғынның "орта дәрежелі" мас екені белгілі болды.

Полицейлер көлікті айып тұрағына қойды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолданды.

Жетісай аудандық соты ішімдік ішіп көлік рөліне отырған жүргізушіні кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім етті.

 

Жаңалықтар
0