Өңірлер

Полицейлер жалған вакциналау паспортын алғандар қанша уақытқа қамалатынын айтты

© REUTERS / DADO RUVICПаспорт вакцинированного от коронавируса
Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Полиция жалған құжат дайындағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Алматыда шетелге шығатын адамдарға жалған вакциналау паспорттарын дайындаған туристік компания анықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сауд Арабиясы Корольдігіне баратын қажыларға барлығы 143 паспорт жасалған.

"Туристік фирманың кеңсесін тінту кезінде ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды", - деп хабарлады полиция.

Полиция жалған құжат дайындағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда вакцинаны төгіп, жалған паспорт сатқан дәрігерлер ұсталды 

Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша 30 қылмысты тіркеді.

Жаңалықтар
0