Өңірлер

Ақтөбеде оқушы зорланды: Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды

© SputnikМальчик переходит дорогу
Мальчик переходит дорогу - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Балалардың құқығын қорғау комитеті мектеп қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімдігі білім басқармасының лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылуы мүмкін, өйткені олар 7 жасар баланың ата-анасы шағым түсіргені туралы Балалардың құқығын қорғау комитетіне хабарламаған.

Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған
Баланың туыстары мектеп қабырғасында бірінші сынып оқушысы зорланып, соққыға жығылғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, комитет хабарлағандай, Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерісті бастады.

"Егер ақпарат расталса, мектеп аумағында зорлық-зомбылыққа жол берген және оны елемегендерге шара қолданылады", - деп хабарлады комитет.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес істің мән-жайы айтылмады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің білім басқармасына балаға және оның отбасына психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Жаңалықтар
0