04:57 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2843 0 0

Полиция қызметкерінің іс-әрекеті бойынша қызметтік тексеріс басталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қапшағайда патрульдік полиция инспекторының әрекетінен кейін қызметтік тексеріс басталды. Ол видеоға түсіріп тұрған адамды қолынан қағып, дөрекілік танытты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода полиция формасын киген ер адам: "Не болды, ей?",- деп, смартфонға түсіріп тұрған жігіттерді шақырады. Олар тәртіп сақшысының тонировкамен жүргенін айтады. Осы кезде ер адам: "Ей, алшы ананы, фонарьды бетке жақпаш", - деп, қолдан қағып жібереді. Ал екінші адам араласқанда оны да сөзбен басып тастайды. Бірақ видео авторы полицейдің көлігін және нөмірін түсіріп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Казахстан| Алматы |Астана (@100baksoff_rulit)

Алматы облыстық полиция департаменті ер адамның полицияда істейтінін растады. Ол Қапшағай қаласы полиция бөлімі патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы болып шықты.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйрей жөнелді – видео

Видеодан кейін оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы, 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Осы бапта 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

"Оған қоса, полиция қызметкерінің іс-әрекеттері бойынша қызметтік тексеріс басталды", - дейді облыстық департамент мамандары.

Ал қол астындағы қызметкерлерге тиісті бақылау жасамаған басшылыққа тәртіптік жаза берілуі мүмкін.

Кілт сөздер:
полицей, полицейлер, полиция патрулі, жергілікті полиция, Қапшағай
Загрузка...

Басты тақырып