Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ және қатты жел – ертеңге ауа райы болжамы

© Photo : СС0 / Rajesh Balouria Жаңбыр, архивтегі сурет
Жаңбыр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2021
Жазылу
Республиканың бірқатар өңірінде аптап ыстық болады. Кей облыстарда жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі, 5 шілдедегі ауа райына болжам жариялады.

Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін.

Өңірлердегі ауа райы

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде найзағай жарқырайды, бұршақ түседі, күндіз жел 15-23 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – найзағай, бұршақ, дауыл, 15-23 м/с жел.

Алматы облысында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай болжанып отыр. Күндіз Жамбыл, Павлодар облыстарында найзағай жарқырайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Ақмола облысында да найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Дәрігер ыстықтан қалай қорғану керек екенін айтты

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында ыстық сақталады. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық, ыстық болады. Күндіз +33+35, түнде +19+21 градус.

Алматыда күндіз +35+37 градус, түнде +23 градус, жауын-шашынсыз.

Шымкентте күндіз қатты ыстық болады: сынап бағанасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі, түнде +23+25 градус.

Жаңалықтар
0