Өңірлер

Ақтауда әйелдер полицияға тап берді – видеоның мән-жайы анықталды

© Photo : polisia.kzНадпись Polisia на форме
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Оқиға 1 шілде күні Ақтау қаласының 3Б шағын ауданында болған. Патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзған Chevrolet Lacetti көлігін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Ақтауда полицейлер жас жігітті күшпен алып кетпек болған. Бірақ оларға бір топ әйел тап берді. Маңғыстау облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода бірнеше полицей алдымен екі адамды айыруға тырысады. Одан кейін біреуінің қолын қайырып, алып кетуге әрекет жасайды. Жас жігіт болса, камераға тілін шығарып күледі. Ал оны патрульдік көлікке отырғызып жатқанда бір топ әйел араласып, жігітті ұстап қалмақ болған.

"Мынаны қараңыз, баланың кілтін жайдан-жай алып қойғысы келіп отыр", - дейді видео авторы.

Видеоның соңында ақ жейде киген тағы бір жігіт патрульдік көлікке қарай ұмтылады. Бірақ полиция қызметкері оны кері қайтарады.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 1 шілде күні Ақтау қаласының 3Б шағын ауданында болған. Патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзған Chevrolet Lacetti көлігін тоқтатты. Ал құжатты тексеру кезінде көлік жүргізушісінің мас күйінде болғаны анықталды.

"Полицейлер жас жігітке көліктен шығып, жолаушы орындығына отыруға өтініш жасады. Себебі көлік жүргізушісі мас күйінде рөлге отырды деген күдік болды. Бірақ ол кілтті полицияға бермей қойған", - дейді департамент қызметкерлері.

Медициналық тексеріс кезінде жас жігіттің жеңіл күйде мас болғаны анықталды. Әкімшілік сот оны 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0