Өңірлер

Ақтауда құрылысшылар арасында жанжал шықты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Ақтау қаласының маңында болған жұмысшылар арасындағы жанжалға полицейлерге араласуға тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Rixos Water World Aktau қонақ үйінің жанында салынып жатқан нысан жұмысшыларының арасында жанжал шықты, деп хабарлайды жергілікті "Лада" сайты. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бөлімнің мәліметінше, 29 маусым күні кешке, сағат 19:20 шамасында құрылыс алаңында жұмысшылар арасында жанжал болған.

Кәсіпорынның қауіпсіздік бөлімі мен құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жұмысшылар арасындағы дауды реттей алды.

Оқиға орнында күзет және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді.

Факт бойынша тараптардан шағым түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Оралда автобустан түскен бір топ адамды полиция ұстап әкетті – видео

Қазір жағдай бақылауға алынды.

Жаңалықтар
0