04:37 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
77 0 0

Семейде "Semey Bus" компаниясына тиесілі қоғамдық көліктер тоқтап қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Жүргізушілер төртінші күн жұмысқа шықпады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бір жыл ішінде бұл оқиға 10 рет қайталанды. Басты себебі уақытылы жалақының төленбеуі және зейнетақы жарналарының аударылмауы.

Жолаушылар тасымалдауда іркіліс болмас үшін қала әкімдігі уақытша 2 айлық мерзімге "Семавтопаркпен" жаңа келісім жасаған еді. Алайда автобус тапшылығының зардабын халық көріп отыр. Тіпті тұрғындар таксимен жүруге мәжбүр.

Семей қаласының әкімдігі сәуір айының ортасында "БРК-лизинг" акционерлік қоғамына бір жарым миллиард теңге қарыз болып қалған «Semey Bus» кәсіпорнымен жолаушылар тасымалы жөнінде жасаған келісім-шартын үзді.

Естеріңізге сала кетейік, "Semey Bus" компаниясы осыдан 2 жыл бұрын құрылған. Кәсіпорын 170 автобусты несиеге алғанмен, оны төлей алмай "БРК-лизинг" акционерлік қоғамы борышкерге дефолт жариялады. Өйткені лизингтік компания алдындағы қарыз 1 миллиард теңгеден асқан. Бұдан басқа да әлеуметтік төлемдер мен жанар-жағармай шығындары өтелмеген.

"Бұл енді сұмдық қой, бір бірімен өзара келісе алмайды. Бұл жерде халық зардап шегіп отыр. Халықты ойлайтын Үкімет болса, жағдайды жасау керек қой тезірек. Міне, сағаттап аялдамада тұрады, жұмыстан қалады, көресіні халық көріп оты", - дейді қала тұрғыны Гүлнар Сембаева.

"Semey Bus" компаниясы қаладағы 40 бағыттың 24-іне қызмет көрсетіп келген. Қазір бұл жұмысты "Семавтопарк" және "Таксомотор паркі" автобустары атқарып жүр. Ал 18 маусымда Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының "Semey Bus" кәсіпорнынан 170 автобусты талап ету туралы талап арызын толығымен қанағаттандырды.

Оқи отырыңыз: Семейліктер ереуілге шықты - видео

"18 маусымдағы Жоғарғы Соттың шешіміне шағым білдіруге бір ай уақыт берілген. Әзірге ондай шағым түспеді. Шілденің 17-сінде ондай шағым түсірілсе, тағы бір ай ол қаралады. Сонда мәселе бір жағына шығу үшін 2 ай уақыт керек. Дегенмен біз жағдайды ушықтырмай, халыққа сапалы қызмет көрсету жолдарын барынша қарастырамыз", - деп атап өтті Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Қалалық әкімдік 2 айдан кейін қаладағы жолаушылар тасымалы бойынша қайтадан конкурс өтіп, жағдай толық тұрақталатынын айтып отыр.

Кілт сөздер:
қоғамдық көлік, автобус, жүргізушілер, Семей
Загрузка...

Басты тақырып