Өңірлер

Әпкесінің үйіне барған: Мақтааралда жоғалған қыз табылды

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Анасының айтуынша 18 жастағы қызы құрбысының үйіне шығып кетіп, қайта оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жоғалған бойжеткенді әпкесінің үйінен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал полиция қызметкерлерінің көмегіне жергілікті тұрғын жүгінді.

Әйелдің айтуынша, 18 жастағы қызы құрбысының үйіне шығып кетіп, қайта оралмаған. Мақтааралдық полицейлер хабар алысымен толық құрамда оқиға орнына жедел жетті. Бойжеткен қызды табуға бағытталған шаралардың барлығын жүргізді.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда серуендеп жүріп жоғалып кеткен қыз табылды

Баруы мүмкін деген аймақтарды аралады.  Жұмыс нәтижесінде жоғалған жас қызды туыс әпкесінің үйінен тапты. Анасын қызымен аман-есен қауышты. Белгілі болғандай қыз әкесімен өзара сөзге келіп қалған. Соның салдарынан оған ренжіп, әпкесінің үйіне кетіп қалған. Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына алғысын жеткізді.

"Қызым үйден құрбысының үйіне барамын деп шығып кеткен. Арада біршама уақыт өткеннен кейін келмеген соң өз бетімізше іздеп көрдік. Бірақ таба алмадық. Полиция қызметкерлеріне дер кезінде хабар бердік. Олар болса аз уақыттың ішінде жылдам жетіп, қызымды тауып берді. Атқарған қызметтеріне дән ризамын", - деп риясыз көңілін білдірді.

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді.

Жаңалықтар
0