Өңірлер

Батыс Қазақстанда ата-аналар мектеп планшеттерін ломбардқа өткізіп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевВывески "Гарант 24 Ломбард"
Вывески Гарант 24 Ломбард - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Жағдайы төмен отбасындағы ересектер мектеп планшетін ломбардқа өткізген. Мұндай факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында оқушылардың ата-аналары қашықтықтан оқу үшін берілген планшеттерді ломбардқа өткізген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды "Мой город" басылымы.

Облыстық білім басқармасының даму орталығы директорының орынбасары Ардақ Еркамешева 2020-2021 оқу жылының басында оқушылардың білім алуына арналған 14 970 ноутбук пен планшет сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге (4,6 миллион доллар) бөлінгенін хабарлады.

"Бас санитар дәрігер енгізген шектеулермен жыл соңында барлығы 380 білім беру мекемесінің 100 мектебінде оқушылар қашықтықтан білім алды. Оқушыларға 7 223 ноутбук пен планшет берілді. 25 мамырға қарай аталған техника толық қайтарылды, бірақ 83-і жұмыс істеуге жарамсыз күйде болды", - деді Ардақ Еркамешева.

Оның айтуынша, техниканы табыстау кезінде мектеп пен ата-ананың арасында келісімшарт жасалып, оған сәйкес планшет пен ноутбукке ата-ана жауапты болады. Егер техника істен шықса, онда ата-ана техникалық сипаттамасы ескі нұсқамен бірдей жаңа техниканы мектепке қайтаруы керек.

Айта кетсек, көп жағдайда планшетке зақым келген: баланың абайсыздығына байланысты техника қолдан түскен немесе оған су төгілген. Планшет өрт кезінде жанып кеткен жағдай да тіркелген.

"Жағдайы төмен отбасындағы ата-аналардың планшетті ломбардқа өткізгені де анықталды. Мұндай фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот тәртібімен келтірілген шығын көлемі өтелді", - деді Ардақ Еркамешева.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы әкімдік қызметкерлері пандемия кезінде құны 12 миллион теңге (28 мың доллар) болатын ноутбуктерді қолды етті деген күдікке ілінді. Ол ноутбуктер тұрмысы төмен отбасындағы балалардың қашықтықтан оқуы үшін бюджет қаражатына сатып алынған болатын.

Жаңалықтар
0