Өңірлер

Түркістан облысында досын көлікке байлап сүйреген жігіттер ұсталды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейская машина на выезде из города
Полицейская машина на выезде из города - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ол 43 755 теңге көлемінде айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Түркістан облысының тәртіп сақшылары желіде тараған видеоның мән-жайын анықтады. Досын көлікке байлап сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Инстаграмда жарияланған видеоны тексерді. Онда жас жігіттер белгісіз біреуді "ВАЗ-2114" автокөлігіне байлап, жолмен сүйреп әкеткен.

Тәртіп сақшылары видеоның Түркістан қаласында түсірілгенін анықтады. Оған қатысқан жас жігіттер де табылды. Ал көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша хаттама рәсімделді. Тәртіп бұзған жүргізуші 15 АЕК (43 755 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйрей жөнелді – видео 

Көлік жүргізушісі түркістандық, ал достары Тараз қаласынан келген. Жас жігіттер жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.

"Түркістан халқы дұрыс түсінбей қалды. Себебі ол жерде ешкім жарақат алған жоқ және ешкімнің кінәсі жоқ. Оны өз еркіммен жасадым, яғни, сондай видео түсіргім келді. Бірақ адамдар басқаша түсініп қалыпты. Түркістан халқынан кешірім сұраймын", - дейді видео кейіпкері.

Ал Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0