Өңірлер

Павлодарда күдікті өзін полицей зорлағанын мәлімдеді - департамент түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинДомашнее насилие, иллюстративное фото
Домашнее насилие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Полиция офицерінің кінәсі дәлелденсе, ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Павлодарда тергеуге алынған қызды зорлау фактісі тексеріліп жатыр. Ол полиция офицерін айыптап отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Білялова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы осы факт бойынша тексерісті бастады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" және 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану" аясында сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады", - делінген департаменттің редакцияның сауалына берген ресми жауабында.

Қылмыстық кодекс бойынша зорлау әрекеті қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалса, кінәлі адам 9-12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұдан бөлек, билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдаланғаны үшін 3 мың АЕК-ке дейін (8 миллион 751 мың теңге) айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдіктіні зорлау оқиғасы

Павлодар қаласының құқық қорғаушысы Елена Семенованың айтуынша, тергеуге алынған қызды түнде жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде төрт полиция қызметкері болған. Біреуі "күдікті қашып кетпесін" деп, жанына жатқан. Сосын қызды зорлап тастайды. Жәбір көрген қыз бәрін жазбаша баяндап берген. Оның сөзіне қарағанда, бұл оқиға 17 ақпан күні болған. Немолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі де осы оқиға жайында білетінін мәлімдеді.

"Қыздың анасы 13 мамырда НеМолчи.kz" қорына хабарласты. Нұрлан Мәсімов (Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы - Sputnik) осы істі жеке бақылауына алған. Олар кінәлі адамдарды жазалауға уәде берді", - дейді Таңсәрі.

Бірақ қор жетекшісі жәбір көрген қызды қайтадан тергеу изоляторыны тоғытып тастағанын білмейтін болып шықты. Осыған байланысты полиция басшысына тағы хабарласатынын жеткізді.

Жаңалықтар
0