Өңірлер

Мектеп директорлары көз жұмды – Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың ақпарат шықты

© Photo : Департамент полиции Актюбинской областиДиректора школ разбились в смертельном ДТП на западе в Казахстана
Директора школ разбились в смертельном ДТП на западе в Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Жол апатынан аман қалған 45 жастағы екі мектеп директоры да басынан жарақат алған, сонымен қатар науқастардың бірнеше жері сынған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда-Ойыл тасжолындағы жол апатынан аман қалған мектеп директорларына қатысты ақпарат жарияланды. Бұл туралы Диапазон сайты жазды.

Ресми мәліметке сәйкес, жол талғамайтын көлікте төрт мектеп директоры отырған, екі әйел оқиға орнында қаза болды. Олар – №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева мен №33 мектеп директоры Альмира Орақова. Тағы екі жолаушы - №25 мектеп директоры Шолпан Баяділова мен жаңа орта мектептің басшысы Ақгүл Қисықова жарақат алды. Екеуі де Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді.

"45 жастағы әйел басынан жарақат алып, миы зақымданған. Самай сүйегі, бұғанасы мен қабырғасы сынған. Жырылған жарасы бар. Екінші әйел де 45 жаста. Оның миы шайқалып, бұғанасы сынған. Оларды Ақтөбе қаласына ауыстыру жоспарланып отыр", - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, 19 маусымда төрт директор Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барған. Үйге қайтарда жантүршігерлік жол апатына түскен.

Қазақстанның батысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза болды

Көлік Қобда-Ойыл тасжолының 156 шақырымында аударылған. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0