Өңірлер

"Мұндай жағдай болмауы керек": Алматы әкімі субұрқақтағы оқиғаға пікір білдірді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевФонтаны в Алматы
Фонтаны в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Субұрқақта балалар мен қыздардың бірінің анасы бастан кешкен оқиғаны полиция тергеп жатыр, деді Сағынтаев

АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала субұрқақтарының бірінде екі қыз бен бір ересек адамды тоқ соққанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Цирктің жанындағы субұрқақта балалар мен қыздардың бірінің анасы бастан кешкен жантүршігерлік оқиғаны полиция тергеп жатыр. Мұндай жағдай болмауы керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деді қала әкімі Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 19 маусымда болды. Орталық цирк алдындағы субұрқақ суына түскен екі қызды тоқ ұрып, оны құтқарамын деп ұмтылған анасы да тоққа түскен. 19 жастағы Абылай есімді жігіт оларды құтқарып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт көмек сұраған адамдардың дауысын естігенде бірден субұрқаққа жүгірген. Зардап шеккен әйелді шығарып жатқанда өзін де тоқ ұрған. Сондай-ақ оларды құтқаруға 40-50 жастағы ер адам қатысқан.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық-техникалық университетінің студенті Абылай Балапанов марапатқа ұсынылды.

Жаңалықтар
0