Өңірлер

Түркістанда бір топ адам қала орталығына жиналды – видео

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды
Түркістанда Керуен-Сарай туристік кешені ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Яссы ауыл округі әкімдігі мұрағатта құжаттың болмауына байланысты 181 азаматқа жер телімін беру туралы шешімнің күшін  жойған

АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Түркістанда бір топ адам қала орталығына жиналды. Тұрғындардың бұл әрекетіне осыдан 15 жыл бұрын қабылданған шешімнен туған мәселе себеп болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәлем Түркістан! (@salem.turkistan)

Түркістан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005-2006 жылдары Түркістан қаласы Яссы ауылдық округі әкімдігінің шешімімен жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 243 азаматқа жер телімі берілген. Алайда Түркістан қаласы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" оның ішінде 181 азаматтың құжаты мұрағатта болмағанын анықтаған. Соған байланысты жер телімдерін беру туралы шешім Яссы ауыл округі әкімдігінде күшін жойған.

Бұл жағдай тұрғындардың табиғи газ, жарық, ауыз суға қосыла алмауына әкелді.

"Туындаған мәселені түпкілікті шешу мақсатында жергілікті тұрғындар мен қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары арасынан жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы Бекзат мөлтек ауданындағы заңдастырылмаған жер телімдерін түгендеу, тізімін қалыптастыру, құжаттарды жинақтау, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 244-бабы 3-тармағына (өз бетінше салынған құрылыс) сәйкес сотқа жүгіну үшін талап-арыздың жобасын дайындау секілді жұмыспен айналысады", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады. Заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында тұрғындар арасынан үш азамат істің зерделенуіне қатысады. Қазір қалада жағдай тұрақты.

Жаңалықтар
0