18:05 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
28745 0 0

Балалар мектеп аумағын жинауға, іс қағаздарын реттеуге көмектеседі, кітапханада жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Орал қаласында жоғары сыныптардың  700 оқушысы жұмыспен қамтылды. Оларға айына 42 500 теңге төленеді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.  

Қалалық білім бөлімі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру секторының меңгерушісі Жазира Рысқазиева заңға сәйкес жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жазғы демалыста қоғамдық жұмыстарға қатыса алатынын атап өтті.

"Осылайша 10 мен 11 сыныптарға көшкен балалар жаз айларында мектепте жұмыс істеп, ақша таба алады. Бүгінгі таңда тізімдер жасалды, 700 оқушы еніп отыр. Оқушылар мектеп аумағын жинауға, іс қағаздарына көмектеседі, кітапханада жұмыс істейді. Яғни олар ауыр жұмысқа жегілмеуі керек",- деді  Рысқазиева.

Айтуынша, 14 пен 16 жасқа дейінгі балалардың жұмысы аптасына 24 сағаттан, ал 16 мен 18 жасқа дейінгі оқушыларда 36 сағаттан аспауы керек.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық оқушылардың күзгі және көктемгі демалысы қысқарады

"Оқушыларға айына 42 500 теңге жалақы төленеді. Мектеп оқушысы білім беру ұйымына тек "Жұмыспен қамту орталығы" арқылы келісімшарт бойынша жұмысқа тұрады. Жұмыс уақыты кезінде балаға мектеп жауапты болады", - деді ол.

Басылымның ақпаратынша, Орал қаласында 51 мектеп бар, онда 52 мыңнан аса бала білім алады.

Тақырып бойынша

Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Батыс Қазақстанда оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді
Талдықорғанда оқушылар мінген мектеп автобусы екі жеңіл көлікпен соқтығысты
Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті
Кілт сөздер:
оқушылар, жалақы, Орал
Загрузка...

Басты тақырып