Өңірлер

"Ertis" футбол клубының директоры сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Серік Омарханов мемлекетке 193 миллион теңгеден астам төленбеген салық түрінде залал келтірді

АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. "Ertis" футбол клубының директоры бір жылға сотталды, сондай-ақ 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ERTIS" футбол клубының директоры салық төлеуден жалтарғанын анықтады. Сол әрекетімен мемлекетке 193 миллион теңгеден астам төленбеген салық түрінде залал келтірді.

"Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін футбол клубының басшысы болған Серік Омархановтың қылмыстық ісі Павлодардың №2 қалалық сотында қаралды.

Сот 2019 жылы клубтың шотында жеке табыс және әлеуметтік салықтарды төлеуге ақша жеткіліксіз екенін біле отырып, клубтың негізгі құрамындағы ойыншылардың жалақысы бекітілген шығындар сметасынан бірнеше есе көп болғандықтан, оларды төлеуден жалтаруға шешім қабылданғанын анықтады. Ол үшін Омарханов бухгалтерге салық декларациясына кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған ақпаратты енгізуді, сондай-ақ клубтың негізгі құрамындағы ойыншылардың жалақысын төмендетуді бұйырған. Сонымен қатар ол салық 2020 жылы төленеді деп уәде берген.

Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 236-бабына ("кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару") сәйкес бюджетке салық және өзге де төлемдерді өтеуден жалтарғаны үшін 1 жылдан 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жаңалықтар
0