Өңірлер

Түркістан облысында ауыл тұрғындары ет сататын әйелдің арбауына түсіп қалды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТүрмедегі әйел
Түрмедегі әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Күдікті әйел әр балаға елу мың теңге жәрдемақы уәде етіп, жәбірленушілердің жеке деректерін жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Түркістан облысында 147 ауыл тұрғынының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Банк қызметкерлері кредит рәсімдеу операцияларынан күмәнді белсенділік байқап, облыс полициясына хабар берген. Тексеріс барысында күмән расталды: тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар алаяқтың құрбаны болуы мүмкін деген пайымға келді. Осыдан кейін тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Әйел Сайрам ауданына қарасты ауылда тұрады, ет өнімдерін сатады. Қазіргі таңда ол екі айға қамауға алынды.

Анықталғандай, күдікті соңғы үш айда жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жеке деректерін жинаған. Әйел әр балаға 50 мың теңге әлеуметтік көмек уәде еткен. Кейін тұрғындардың құжатын пайдаланып, олардың атына онлайн кредит рәсімдеген.

Тағы оқыңыз: Екі жігіт әлеуметтік желінің көмегімен 200-ден аса қазақстандықты сан соқтырып кетті

Полицияның ақпаратынша, 147 адам алаяқтың құрбаны болды. Бәрі – жергілікті тұрғындар.

"Қазір тергеушілер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілер саны әлі де өсуі мүмкін. Біз істің мән-жайын анықтап, шығынды есептеп жатырмыз", - деді Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Құрманбек Сахов.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы  "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0