16:28 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2592 0 0

Маймыл иесінің сөзінше, сүтқоректіні тасымалдау кезінде ол тордан шығып кеткен. Оны сарыағаштық азамат Өзбекстаннан сатып алған

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында маймылдың электр бағанасына өрмелеп шыққаны жайлы видео тарады. Маймылдың иесі оны төменге түсіру үшін ауаға оқ атқан.

Енді Түркістан облысының полициясы маймыл иесін жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде болған. Тұрғындар маймылдың бағананың төбесіне шыққанын видеоға түсіріп алған.

Тәртіп сақшылары маймылдың иесі Сарыағаш тұрғыны екенін анықтады. Айтуынша, сүтқоректіні тасымалдап бара жатқанда маймыл абайсызда тордан шығып кеткен.

"Жануарды ұстау үшін ер адам пневматикалық тапаншадан ауаға оқ атты. Маймыл жерге түскен соң оны ұстап алып, қайтадан торға қамап, алып кеткен", - делінген хабарламада.

Ол маймылды Өзбекстаннан сатып алған, әрі қарай Қазақстанда сатпақ болған.

Қазір Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің мамандары маймыл иесінің әрекетін, тиісті құжаттарын тексеріп, оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Кілт сөздер:
маймыл, видео
Загрузка...

Басты тақырып