НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Түркістан қаласында танысының телефонын жымқырған жігіт ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына Шымкент тұрғыны арызданып келген. Оның айтуынша, досының үйінде қонақта отырған кезде танысы "Samsung J4+" маркалы ұялы телефонын сұрап алып, қайтармай қойған. Осылайша жәбірленушіге 50 мың теңге шығын келтірген.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.
Қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер адамды өз үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақ зат ретінде қолды болған ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Белгілі болғандай, жәбірленушіні досы қонаққа шақырған. Осы кезде сол досының танысы оның ұялы телефонына қызығып, бере тұруын сұраған. Күдікті оны алғаннан соң қайтарып бермеген.